Телефоны приемной:
(8727) 301-85-82
+77776228783
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кітап құмар бала"
15
май
2024

"Кітап құмар бала"

«Оқуға құштар балабақша» жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алмалы ауданы КМҚК «№9 бөбекжай – балабақшасында»  «Кітап құмар бала» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларда кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту жұмыстарын жүргізудегі заманауи тәсілдерін қолдану және тәжірибелерімен бөлісу.

Іс-шарада Алмалы аудандық білім бөлімінің басшысы З.К.Койшыбаева және аудан балабақшаларының әдіскерлері қонақ болды.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес балабақша меңгерушісі А.А.Койшыбаева сөз бастап, «Оқуға құштар балабақша» жобасы аясында балабақшада 2023-2024 оқу жылына «Кітап құмар бала» жобасы жоспарланып, әдістемелік жұмыстың тақырыптарына, жасалған жұмыстарына қысқаша шолу жасады. Жобаның негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Тәрбиеленушілердің ата-аналарын өз балаларына шығармалар оқуға тарту арқылы кітаптарға деген қызығушылықты арттыру; Отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту. Жобаның құрылымы үш жақты қамтылған: бала, балабақша, ата-ана.

Ата-ана мен жұмыс барысынан  балабақша тәрбиешісі Уразаева М.Р. «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында викторина ұйымдастырып, ата-аналарға үй жағдайында ертегі оқу арқылы түрлі ойындар ұйымдастыруға болатынын көрсетті.

Балабақша логопеді Наурызбаева Ж.М. жас мамандармен «Дыбыстарды бірге қалыптастырайық» тақырыбында шеберлік сағат өткізіп, келген қонақтармен QR сканерлеу арқылы ұйымдастыруға болатын өзінің авторлық жұмыстарымен бөлісті.

      Музыка жетекшісі Шамрова Э.П. балабақша бүлдіршіндерімен «Бала өміріндегі технология әлемі» атты театрландырылған музыкалық қойылым ұсынса, музыка жетекшісі Сырбекова Д.А. балдырғандармен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық аспаптар» оркестрі және «Текемет басу» биін мың бұралған кішкентай қуыршақ қыздармен келген қонақтарға тарту етті. Ашық есік күні әдіскер Байрова А.Қ. дайындаған «google» сауалнамамен қортындыланды.  

Іс-шарамыздың соңына қарай Алмалы аудандық білім бөлімінің басшысы З.К.Койшыбаева ұжым қызметкерлеріне алғыс айтып, сонымен бірге белсенді қатысқан ата-аналарға жұмыла, бірауыздан қатысқандары үшін алғыс білдірді.




Келушілер балабақша мамандары мен балалардың аппақ ниетіне ризашылықтарын білдірді.

Жоба барысында жүргізілген кез келген шара баланың кітап оқуға қызығушылығын арттырумен қатар, рухани  құндылығымызды, тарихи деректерімізді өскелең ұрпақ бойына дарытып, патриоттық рухын ояту болып табылады. Өткізілген  қандай да  болмасын мәдени көпшілік іс-шарадан  педагогтарымыз  теңізге тамған тамшыдай  болса да тағылым алса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.