06
декабрь
2024
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ
Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл жастағы балалар тілді үйренуге бейім, ересектерге еліктейді. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында: «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады» -деп, атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі ұлттық бірегейлікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Өзінің ұлттық мәдениетін, ата-бабаларының салт- дәстүрін сақтауға және дамытуға деген ұмтылыс ана тілін үйренудегі ұлттық сана-сезімнің айқын дәлелі.
Әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйрету тілдік сананың жаңа жүйесін қалыптастырудың күрделі процесі болып табылады. Балаларда әлеуметтік қарым-қатынастың алғашқы дағдылары құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды сөйлеуге үйретуде маңызды рөл атқарады.
Тілдерді ерте жастан үйрету баланың зияткерлік қабілетін дамытуға сонымен қатар, балаларды мемлекеттік тілге және өз елінің мәдениетіне баулуға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
•балалардың мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын ояту;
•қазақ тілінде қарапайым ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру (түсіну және сөйлеу);
•балалардың лингвистикалық білім алуына ықпал ету;
•бастапқы қарым-қатынас дағдыларын игеруге жағдай жасау, қарапайым қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
•қазақ халқының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарына қызығушылық тудыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
•әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларының дамуын қолдау.
ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты балаларға 3 жастан бастап қазақ тілін оқытуды көздейді.
Балаларға мемлекеттік тілді үйрету ұйымдастырылған оқу қызметінде, күнделікті әрекеттерде ойын түрінде жүзеге асырылады. Ойын-жетекші әрекет және балаларды дамытудың негізгі құралы.
Мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі факторы:
•ата-аналардың балаларының мемлекеттік тілді меңгеруін қалауы;
•тәрбиеленушілердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білетін жоғары білікті педагог кадрлардың болуы;
•әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды, дамытушы ойындарды қолдану болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
•мемлекеттік тілдің нормалары мен ережелерін меңгереді, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады, базалық лексикалық және сөздік қоры жинақталады;
•қазақ тіліндегі сөздердің мағынасын түсінеді;
•бір-бірімен логикалық тұрғыда байланысты жеке мәліметтерді айтады; коммуникативтік қабілеттері дамиды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қазақ тілін үйретуде оқытудың инновациялық нысандарын кеңінен енгізуі қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуде мемлекеттік тілде бейне мәтіндерді қолдану, қазақ тіліндегі интернет-кеңістікті дамыту, көркем және басқа да әдебиеттерді қазақ тіліне аудару маңызды болып келеді. Жүйелі жұмыс нәтижесінде бала қазақ тілін меңгереді және мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алады.