09
декабрь
2024
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ана тілінде ұйымдастырып, балалардың тілін дамытуды қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қарастырады. Тіл дамыту әдістемесі баланың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырудың, өзгелермен қарым-қатынасқа түсуін қамтамасыз ететін педагогикалық әрекеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балада сөйлеуді дамыту туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде зерделенген.
Баланы ана тілінде оқыту әдісі тұңғыш ағартушы Ы. Алтынсариннің еңбектерінде көрініс тапты. Ағартушы-ұстаз ана тілінде оқытудың жолын, қағидаларын, әдістерін көрсетті, балаларға арнап «Қазақ хрестоматиясын» жазды.
Ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А. Байтұрсынұлының «Баяншы»,«Жалқылау, жалпылау», «Қай әдіс жақсы ?» т.б. еңбектерінде баяндалды.Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлесін қосқан, мектеп жасына дейінгі балаларға арнап әдістемелік оқу құралдарын әзірлеген Н.Құлжанованың «Балабақшадағы тәрбие», «Ана мен бала», Б.Баймұратованың «Біздің кітап», «Мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланың тілін дамыту әдістемесі», «Баланы мектепке қалай даярлауға болады?» т.б. еңбектерінде ана тілін оқыту және тіл дамыту әдістемесінің мәселелері зерттелген. Бөбек жасындағы балалардың сөздік қоры мен сөйлеуінің даму ерекшеліктері жайында Б. Баймұратованың еңбектеріндемжазылған. А. Бақреденова, Х. Қожахметова, А. Меңжанова, Ә.Әмірова, Қ.Меңдаяхова және т.б. еңбектерінде балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Педагогика ғылымындағы баланың сөйлеу тілі мәселесі шетелдік ғалымдардың еңбектерінде де зерделенді. Бала тілінің дамуын алғаш зерттеген чех ғалымы Я.А. Коменский болды. Я.А. Коменский «Аналар мектебі немесе баланы алты жасқа дейін қамқорлықпен тәриелеу» атты еңбегінде баланың тілі мен ойын қатар дамыту керек деп жазды. Үш жасында баланы дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуді, 4-6 жас аралығында сөздік қорын байыту қажеттігін, яғни көрген заттарын баланың сөзбен дұрыс айта білуін қалыптастыруды ұсынды.
Балаға тілді үйретуді психология ғылымы бойынша зерттеген ғалым Л.С.Выготский болды. Л.С.Выготскийдің «дамыта оқыту» тұжырымдамасы бала тілінің табиғи даму кезеңдерін көрсетеді. Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, И.А.Зимняя «Әрекет ету теориясы» бойынша бала тілінің даму деңгейін анықтауды ұсынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда ғалымдар мынандай талаптарды ұсынады:
балалар өз ойын сөзбен жеткізе алатындай тапсырмалардың берілуі;
-айтылатын ойдың нақты болуы (не туралы айтады).
Психологтар бала психикасын зерттей отырып, баланың санасы әрекет нәтижесінде дамитындығын дәлелдеді. Әрекетке сәйкес баланың ойы мен сөйлеуінің қалыптасатындығы айқындалды. «Әрекет теориясы» тұжырымын тұңғыш рет Л.С.Выготский қолданды, одан кейін А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин, т.б. жалғастырды.
ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап байланыстырып сөйлеу әдістемесі дамыды. Е.И. Тихеева, Е.А. Флерина мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға зерттеулер жүргізе отырып, өз еңбектерінде балаларға арналған әңгімелерді жіктеп, оларды жас топтарда әңгімелеп айтудың әдістерін көрсетті.
А. М. Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуінің даму деңгейіне зерттеулер жүргізді. Д.Б. Эльконин зерттеулерінде 4- 5 жастағы балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларының қалыптасатыны туралы тұжырымдама жасап, монологтік сөйлеу 2-3 жастағы балаларда байқалатынын айтты. Монолог - кейіпкердің ішкі жай-күйін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологта эмоциямен ойды білдіру маңызды. Ортаңғы және ересек топтарда монологтік сөйлеудің негізгі түрлері қалыптасады. Монологтік сөйлеудің негізгі түрлері – әңгімелеу және мазмұнын айту болып табылады. Әңгімелеу мазмұнын айтуға қарағанда байланыстырып сөйлеудің күрделі түрі, өйткені, жаңа мәтінді құру арқылы мазмұндау қиынырақ болып келеді. Балаларда байланыстырып сөйлеудің дамуы ертегілер, әңгімелер айтуды үйретуден басталады. Ересек жастағы балалар ертегілер мен шағын әңгімелердің мазмұнын айтады, ойыншық және сурет бойынша өз ойынан әңгіме құрайды.
Баланың алдымен өз ана тілінде сөйлеуі, қазақ тілін үйренуі ата-ана мен педагогтердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақ тілін үйретудегі басты мақсат баланың қазақ тілінде байланыстырып сөйлей білуін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту, дыбыстық мәдениетті жетілдіру, мәнерлі де, мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу, тілдің грамматикалық құрылымын, ауызекі сөйлеуді қалыптастыру қарастырылады.